Биатлоннан әлем кубогі: Әйелдер арасындағы спринт нәтижесі белгілі болды

819

Бүгін спринттен ерлер арасындағы бәсеке өтеді.

Биатлоннан әлем кубогі: Әйелдер арасындағы спринт нәтижесі белгілі болды

Оберхофта (Германия) әйелдер спринтінен әлем кубогінің төртінші кезеңі аясында жарыстар өтті. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін жарияланды.

Аталған сайысқа Қазақстан сапынан Анастасия Кондратьева, Галина Вишневская және Елизавета Бельченко қатысты. Қазақстандық биатлоншылар арасындағы ең жақсы көрсеткіш Елизавета Бельченкоға тиесілі. Ол мәреге 81-ші болып жетті. (3 + 0; +4: 35,5).

Жетінші нөмірмен жарыс жолына шыққан Анастасия Кондратьева 88-ші (2 + 2; +5: 00,0) орында. Ал Галина Вишневская 93-ші (1 + 3; +5: 28,1)  орыннан көрінді. 

Марте Олсбю Ройселанд (Норвегия) алтыннан алқа тағынса, Дениз Херрманн (Германия) күміспен күптелді. Франциялық Жюли Симон үздік үштікті қорытындылады.

Бүгін, 10 қаңтар күні, спринттен ерлер арасындағы бәсеке өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу