Жарысқа қатысушылар 7,5 км қашықтықты бағындырды. Нәтижесінде, норвегиялық Тириль Экхофф мәре сызығын бірінші болып кесті. Швециялық Ханна Эберг екінші болса, австриялық Лиза Тереза Хаузер үздік үштікті қорытындылады.
Қазақстандық спортшылар ішінде Елизавета Бельченко мәреге 42-ші болып жетті. Людмила Ахатова 82-ші, Анастасия Кондратьева 98-ші болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу