Биатлоннан әлем кубогі: Қазақстан эстафетада топ-15 қатарында

655

Италияның Антхольц аймағында биатлоннан әлем кубогінің жетінші кезеңі аяқталды.

Биатлоннан әлем кубогі: Қазақстан эстафетада топ-15 қатарында

Соңғы жарыс күнінде эстафетадан әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп жазады Olympic.kz. 

Әйелдер арасындағы эстафетада Ресей құрамасы топ жарса, Германия мен Франция командалары күміс пен қола жүлдені қанағат тұтты.  Ал Қазақстан әйелдер командасы жеңімпаздан 4 минут 59.4 секундқа ұтылып, 14-сатыға табан тіреді.

Эстафетада Елизавета Бельченко, Людмила Ахатова, Анастасия Кондратьева және Галина Вишневская-Шипоренко сынға түскен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу