Бүгін әйелдер арасындағы 7,5 шақырымға созылған спринтерлік жарыс жеңімпаздары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сында Беларусь өкілі Динара Әлімбекова топ жарды. Күміс және қола медальді норвегиялық Тириль Экхофф пен германиялық Франциска Пройс иеленген.
Қазақстан командасы сапынан ең жақсы нәтижені Дарья Климина тіркеді. Ол мәре сызығын 90-шы болып кескен.
Елизавета Бельченко 94-ші, Анастасия Кондратьева 108-ші орында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу