Ансиде (Франция) биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі мәресіне жетті. Жарыс нәтижесі бойынша, Қазақстан әйелдер құрама командасы ұлттар лигасындағы үздік жиырмалыққа енді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің биатлоншылар 1209 ұпай жинап, әлем кубогінің үш кезеңі бойынша 18-орынға жайғасты.
Үш кезең нәтижесі бойынша Норвегия (2815 ұпай) көш бастап тұр. Швеция (2484) құрамасы екінші орыннан көрінсе, үздік үштікті Ресей (2482) спортшылары аяқтап тұр.
Ал Қазақстан ерлер құрамасы 876 ұпаймен 22 орында. Норвегиялықтар 2926 ұпаймен алға шықса, Франция (2684) екінші орынға жайғасты. Ал 2453 ұпайды еншілеген Ресей мен Германия құрамасы үшінші орынды өзара бөлісіп алды.