Биатлоннан Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында эстафета жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Биатлоншы қыздар жас ерекшелігіне қарай 6 және 3 шақырымға жарысқан болатын.
Жасы үлкен спортшылар арасында Шығыс Қазақстан облысының командасы ешкімге дес берген жоқ. Титиевская-Кулакова-Позднякова үштігі нысана көздеуде мүлт кетпей, мәреге бірінші болып келді. Олардың көрсеткіші – 1 сағат 2 минут 2 секунд.
Екінші және үшінші орынды Ақмола облысының биатлоншы қыздары иеленді.
Ал эстафетадан жасы кіші спортшылар арасында Алматы облысы ел чемпионы атанды. Екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы, үшінші сатыда Қарағанды облысының командалары орналасқан.