Биатлоннан із қуалау жарысы аяқталды

982

Биатлоннан ерлер арасында із қуалау жарысы мәресіне жетті. Бұл бәсекеде Франция спортшысы Кентен Фион Майе топ жарып, Бейжің олимпиадасының 2-дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Atameken Business.

Биатлоннан із қуалау жарысы аяқталды Фото: olympic.kz

Нысана көздеуде қателікке бой алдырмаған француз 12 шақырымды 39 минутта бағындырды. Жеңімпаздан 28 секундқа қалып қойған Норвегия елінің өкілі Тарей Бе күміс жүлде ұтып алса, қола медаль ресейлік Эдуард Латыповқа бұйырды.

Қазақстан спортшысы Александр Мухин үздіктер қатарынан көріне алмады. Нысана көздеуде 8 рет қателескен отандасымыз 57-орынға табан тіреді.

Бұрымды спортшылар жарысында Норвегия елінің өкілі Марте Ройселан олимпиада ойындарындағы үшінші алтын жүлдесіне қол жеткізді. Швеция елінен келген Эльвира Обер екінші орын алса, 3-ші сатыға Ройселанның отандасы Тирил Экхофф көтерілді. Қазақстан спортшысы Галина Вишнеская 52-орынды қанағат тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу