Биатлоннан Қазақстан командасы IBU кубогіне қатысу үшін Швецияға аттанады

758

 IBU кубогі әлем кубогі кезеңдеріне қатысу квотасын көбейтуге мүмкіндік береді. 

 Биатлоннан Қазақстан командасы IBU кубогіне қатысу үшін Швецияға аттанады

11 қараша күні биатлоннан Қазақстан құрама командасы Швецияның Идре қаласына аттанады. Команда мүшелері аталған мемлекетте оқу-жаттығу жиындарын өткізген соң биатлоннан IBU кубогінің бірінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кетелік, IBU кубогі әлем кубогі кезеңдеріне қатысу квотасын көбейтуге мүмкіндік береді. IBU кубогінде жинаған ұпай саны спортшыларға әлем кубогі кезінде қажет болмақ. 

Қазақстан командасы 11-27 қараша аралығында Идре қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Жаттығу жиыны үшін аталған елдің таңдап алынуы да бекер емес. Басшылық спортшылардың жергілікті климатқа бейімделіп, алдағы жарысқа тыңғылықты дайындалуына жағдай жасауда. 

Идреде өтетін IBU кубогінің бірінші кезеңі 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығына жоспарланған. 

IBU кубогінің алғашқы кезеңінен соң дереу әлем кубогі кезеңі де басталады. Бірінші кезең Словенияның Поклюка қаласында, 2 желтоқсан күні өтеді. Аталған жарысқа қатысатын команда құрамы кейінірек белгілі болмақ. 

Еске сала кетейік, биылғы маусымда IBU кубогінің 8 кезеңі, әлем кубогінің 9 кезеңі және әлем чемпионаты өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу