Биатлоннан Қазақстан кубогінің алғашқы жарыс күні аяқталды

748

Ерлер арасында ШҚО спортшысы Владислав Миропольский, жасөспірімдер арасында Бекетай Тұрлыбеков, жасөспірім қыздар арасында Изабелла Парманова жеңімпаз болды.

Биатлоннан Қазақстан кубогінің алғашқы жарыс күні аяқталды

Алматыда биатлоннан ересектер арасындағы Қазақстан кубогі мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты жалғасуда. Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі шықты, деп хабарлайды оlympic.kz.  

Ерлер арасында ШҚО өкілі Владислав Миропольский жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 32 минут 26 секунд. Күміс жүлде Алматы облысының намысын қорғаған Максим Монаховтың еншісінде. Үшінші орынды семейлік Евгений Төлегенов иеленді. 

Жасөспірімдер арасында Бекетай Тұрлыбеков (Ақмола облысы) көш бастады. Тұрлыбеков мәреге 31 минут 34 секундта келді. Екінші орында Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Дастан Делдеш. Үздік үштікті Эдуард Афонин (ШҚО) тұйықтады. 

Жасөспірім қыздар арасында Изабелла Парманова (Ақмола облысы) үздік деп танылды. Оның уақыт көрсеткіші – 26 минут 33 секунд. Екінші орында Ақмола облысының тағы бір өкілі Инга Мартенс. Үшінші сатыда ШҚО тумасы – Ангелина Борисова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу