Биатлоннан қыздар арасындағы жекелей сындағы жарыс аяқталды

754

Биатлоннан қыздар арасындағы жекелей сындағы жарыс аяқталды

Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан қыздар арасындағы жекелей сындағы жарыс аяқталды. Бұл сында бағын сынаған Қазақстан құрамасының бұрымдылары үздік 40 спортшының қатарына да қосыла алмады. 
Биатлоннан жекелей сында Қазақстан атынан Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина және Алина Райкова бақтарын сынаған. Төрт спортшымыздың арасында Вишневская ең жақсы нәтиже көрсетті. Бірақ оның өзі 15 шақырымда 46 минут 23.4 секундта жүріп өтіп, 45-орынға жайғасты. 
Ал жарыс жолында екі рет қателескен Полторанина болса (46 минут 37.4 секунды) 46-орынға, үш рет нысана көздеуде қателескен Райкова (46:37.4) 48-орынға, үш рет қателескен Климина (46:44.4) 51-орынға тұрақтады. 
Бұл сында бірде-бір қателік жібермеген швед қызы Ханна Эберг (41:07.2) топ жарса, словакиялық Анастасия Кузмина (41:31.9) екінші, ал неміс қызы Лаур Дальмайер (41:48.4) үшінші орын алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу