Биатлоннан Оберхофтағы әлем кубогінде Қазақстан спортшысынан коронавиурс анықталды

572

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан кезекті әлем кубогі кезеңі басталады. 

Биатлоннан Оберхофтағы әлем кубогінде Қазақстан спортшысынан коронавиурс анықталды

Әлем кубогі кезеңіне қатысатын Қазақстан командасында коронавирус жұқтырғандар бар екені анықталды. Бұл туралы халықаралық биатлоншылар одағы хабарлайды, деп жазды olympic.kz.

Тестілеу әлем кубогінің бесінші кезеңінде өткізілген. Сондай-ақ, Ресей, Чехия және Норвегия командаларында да коронавирус жұқтырғандар тіркелді. 

"IBU жүйелі түрде жарыс қатысушыларын SARS-CoV-2 ПТР тестінен өткізеді. Оберхофтағы (Германия) әлем кубогінде де тестілеу жүргізіліп, 4 адамнан оң нәтиже табылды. Зардап шеккендер қатарында Қазақстан, Норвегия, Ресей және Чехия Республикасының өкілдері бар.  Команда мүшелері тез арада жағдайдан хабардар болып, оқшауланды. Оберхофтағы жергілікті денсаулық сақтау органдары SARS-CoV-2 ПТР тестінің оң нәтижесіне орай келесі шешімді қабылдады:  - Қазақстан командасының өкілі және онымен байланысқа түскен екі адам шұғыл оқшауланды. Спортшылар зардап шеккен жоқ", – деп жазылған хабарламада. 

Қазақстан командасының спортшылары тапсырған SARS-CoV-2 ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу