Биатлоннан спринтерлік қашықтықтағы Қазақстан чемпиондары анықталды

1552

Алматыда биатлоннан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Биатлоннан спринтерлік қашықтықтағы Қазақстан чемпиондары анықталды

Спринтерлер жарысы жанкүйерлер мен бапкерлер үшін аса қызықты өтті. Тартысты бәсекеде 22 минут 33 секунд көрсеткішімен Анастасия Кондратьева (Ақмола облысы) жеңімпаз атанды. Оның нысана көздеуде мүлт кетпегенін айта кету керек, деп хабарлайды Olympic.kz.

Күміс жүлде ШҚО өкілі Елизавета Бельченконің, қола жүлде қарағандылық Людмила Ахатованың еншісінде.

Жасөспірімдер арасында үздіктер үштігін Евгения Красикова, Арина Шешукова және Полина Егорова құрады. 

Ал ерлер арасындағы спринтте Владислав Киреевтің (Қарағанды облысы) көрсеткіші бәрінен де жоғары болды. Ол белгіленген қашықтықты 27 минут 22  секундта жүріп өткен.

Нысана көздеуде де Киреевтің ұпайы түгел. Жеңімпаздан 19  секундқа ұтылған Тимур Куц (Павлодар облысы) күміс жүлде иеленсе, Роман Еремин (Ақмола облысы) қола медальға қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу