Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 12,5 шақырымға созылған жекелей сын өтті деп жазады Olympic.kz.
Аталған сынға Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты. Олар - Александр Мухин, Владислав Киреев, Дастан Делдеш жне Бекентай Тұрлыбеков.
Қазақстандық Владислав Киреев екі рет айып уақытын алып, мәреге бесінші болып келді. Ол қола жүлдеге қол созым жерден тоқтап, гүл беру салтанатына қатысты. Александр Мухин 24-ші, Дастан Делдеш 87-ші, Бекентай Тұрлыбеков 89-орыннан көрінді.
Бұл бәсекеде германиялық Макс Барчевитца жеңіске жеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу