Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская 7,5 шақырымдық спринтер жарысында қысқы Универсиада ойындарының алтын жүлдесіне ие болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Вишневская 1 рет мүлт кетіп, белгіленген қашықтықты 21 минут 43,1 секундта жүріп өтті.
Айта кетейік, бұл – спортшы қызымыздың екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 15 шақырымдық жекелей сында отандасымыз Алина Райковаға жол беріп, Универсиаданың күміс жүлдесін місе тұтқан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу