Бибігүл Төлегенова 95 жасын туған жерінде тойлады

653

Бүгін руханияттың ордасы Семей қаласында ерекше күн. 

Бибігүл Төлегенова 95 жасын туған жерінде тойлады Фото: Qazaqstan

Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова 95 жылдық мерейтойына орай туған жерінде концерт өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Семей қаласында өткен концерт "Қазақтың Бибігүлі – халықтың бұлбұл үні" деп аталды. Концертте қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, оркестрлік шығармалар орындалды.

Бибігүл Төлегенованың концертіне Майра Ілиясова, Толқын Забирова, Азамат Жылтыркөзов, Жұпар Ғабдуллина сияқты әншілер, сондай-ақ Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауының жеңімпазы Нұржан Бажекенов қатысты.

"Бүгін руханияттың ордасы Семей қаласында ерекше күн. Қазақтың шоқ жұлдызы, әлемге әйгілі сопрано дауысының иесі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойына арналған мерекелік концертке жиналып отырмыз. Аса қадірлі Бибігүл Ахметқызы, ғажайып дауысыңызбен қазақ ән өнерін биікке көтеріп, ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасын әлемге танытуда қосқан үлесіңіз елден ерен. Сізге мықты денсаулық, баянды ғұмыр тілейміз. Алдағы уақытта да өнеріңізден нәр алып, жастарымыз сіздің еңбек жолыңызды үлгі етеді деп сенеміз", – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу