Бибігүл Төлегенова референдумда дауыс берді

163

Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бибігүл Төлегенова референдумда дауыс берді

Бибігүл Ахметқызы дауысын үйінде берді. №559 сайлау учаскесінің өкілдері бюллетеньдерге арналған жәшікті Бибігүл Ахметқызының тұрғылықты мекенжайына апарды.

Әртіс бұл оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, референдумға қатысу әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігі. 

"Мұндай шешімдер мұқият ойластыруды қажет етеді. Өйткені олар елдегі қазіргі жағдайға ғана емес, келесі ұрпақтың болашағына да әсер етеді. Мен еліміз үшін осы маңызды мәселеге өз дауысымды қоса алатынымды мақтан тұтамын", – деп атап өтті ол.

Опера әншісінің айтуынша, Қазақстан әлі де жас мемлекет және оны қолдау керек, еліміз үшін маңызды оқиғаларға қатысып, сол арқылы мемлекетіміз үшін дамудың ең жақсы жолын таңдау керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу