Тележурналист Бибігүл Жексенбай "Астана" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Бүгін телеарнаға арнайы барып, ұжымға жаңа басшыны таныстырдым", – деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Бибігүл Жексенбай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Сондай-ақ бизнес-басқару магистрі. Еңбек жолын қатардағы корреспонденттен бастап еліміздегі ірі БАҚ-тардың топ-менеджеріне дейін көтерілді. Атап айтқанда, "Хабар" агенттігінде, Qazaqstan ұлттық телеарнасында және "Жетінші арнада" жауапты қызметтерды атқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу