Шешуші ойында отандасымыз жеңімпаз атанған ресейлік Александра Костенюкке жарты ұпай айырмашылығымен есе жіберді. 11 тур қортындысы бойынша 16 жасар жерлесіміз 7 кездесуде жеңіске жетті. 3 ойында тең түскен ол тек бір бәсекеде қарсыласына жол беріп қойды.
Алғашқы үштікті тағы бір Ресей елінің өкілі Валентина Гунина қортындылады.
Қазақстан құрамасының қалған спортшыларына келсек. Әсел Серікбай жалпы есепте 5-орын алса, Жансая Әбдімәлік, Меруерт Камалиденова және Назерке Нұрғали алғашқы 10 мықтының сыртында қалды.
Аламанға қатысып жатқан қазақстандық спортшылар енді блиц-турнирге қатысып, жүлделер үшін талас жүргізеді.