Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде қытайлық Тан Чжунгиді жеңді, деп жазды Sports.kz.
Асаубаева осы жеңісінің арқасында 4,5/5 ұпай жинап, жарыс көшбасшысы атанды. Айта кетсек, Чжунги әйелдер арасындағы он алтыншы әлем чемпионы.
"Мен турнир кестесіне мән бермеуге тырысамын: әдетте өз ойынымды ғана ойнаймын, қалай білем, солай ойнаймын. Бірақ бүгін сұмдық ойын болды. Оның бірнеше жүрісінен кейін ыңғайсыз жағдайда қалдым деп ойладым, қалай боларын білмедім. Сондықтан ойнауды жалғастыра бердім: "егер осылай жүрсең, не боларын көрсет". Кейін жақсы жағдайда тұрғаным белгілі болды. Аз уақыт қалғандықтан жақсы жүрістерді іздей бастадым", – деді ойыннан кейін Асаубаева.