Бибісара Асаубаева ең тамаша сыйлығы туралы айтып берді

936

Бибісара Асаубаева ең тамаша сыйлығы туралы айтып берді

Қазақстаннан шыққан шахмат данышпаны Бибісара Асаубаева, өкінішке қарай, спорттық азаматтығын ауыстырып, қазіргі таңда Ресейдің намысын қорғап жүр. Ол ең тамаша жаңажылдық сыйлық туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik.

12 жасар дарынды шахматшы Бибісара Асаубаева туып өскен Қазақстан мен қазір де тұрып жатқан Ресей елдерінен шет аймақтарда да танымал. Ол Жаңа жылды алғаш рет Астанада емес Мәскеуде қарсы алмақшы.

"Жаңа жылды жақсы көремін. Үйде отбасыммен бірге қарсы аламын. Дәстүрге сай сағат 12-де от шашу тамашалап, 1 қаңтарда ата-анаммен сырғанаққа барамын. Бұл күні қар атысып ойнағанды жақсы көреміз, үйге келген соң монополия ойнаймыз", — дейді жас шахматшы.

Асаубаева алғаш рет РФ намысын қорғап, әлем чемпионы атанды "Мен үшін ең қымбат сыйлық – былтырғы жылы алған экектронды кітапша. Өте ыңғайлы зат, көп кітап жазып алуға болады", — дейді Бибісара. Бибісара Қазақстанда қалған достарын еске алып, оларға жүрек жарды тілегін білдіргісі келеді. Өйткені биыл қазақстандық достарының ешқайсын көре алмайды, себебі Жаңа жылды Мәскеуде қарсы алады. "Оларға мықты денсаулық тілеймін. Келе жатқан жылда ауырмасын. Және бүкіл армандары орындалсын", — деді ол шын жүректен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу