Бидай бағасы белгіленді

3588

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2019 жылғы өнімінің 3 және 4 класты Triticum aestivum L. бидайларының сатып алу бағаларын жариялады. 

Бидай бағасы белгіленді

3 класты Triticum aestivum L. бидай бағасы ҚҚС төлейтіндер үшін бір тоннасы 85 мың теңге (388,92/$1), ал ҚҚС төлемейтіндер үшін тоннасы 75 893 теңге болды (желімтек - 23%). 
4 класты Triticum aestivum L. ҚҚС төлейтіндер үшін бір тоннасы 80 мың теңге, ҚҚС төлемейтіндер үшін тоннасы 71 429 теңге болып белгіленді (желімтек 20%). Ал желімтек 18%-ға жетке, ҚҚС төлейтіндер үшін бидайдың бір тоннасы 77 мың теңге, ал ҚҚС төлемейтіндер үшін 68 750 теңге болды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұрын қазақстандық аграрлық қызметкерлер 24 қазанға дейін 19,3 тоннадай бұршақ дәнділер мен астық өндірген еді. 15,2 миллион гектарға жуық жерден бидай және бұршақ дәнділер жиналды.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу