Мемлекеттік оператор бидайдың бір тоннасын 121-125 мың теңге аралығында бағалаған. Бұл үшінші сұрыпты өнімге қойылған баға.
Корпорация форвардтық шарттар негізінде тағы бірқатар ауыл шаруашылығы өнімінің құнын бекітті. Ұлттық компания биыл мемлекеттік резервке белгіленген баға шегінде 1,1 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алуды жоспарлап отыр. Оның 971 мың тоннасы бидай.
Жалпы елімізде 2022-ші жылы бидай жинау көлемі 20 миллион тоннадан асты. Жиын-терім науқаны аяқталмаса да шаруалар межелеген жоспардан асып түскен. Қазір орақ түскен жер көлемі 96 пайыз. Соған қарамастан бастырылған өнім былтырғыдан 25 пайызға артық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу