Қара теңіз аймағындағы шиеленістің күшеюіне қарамастан бидай бағасы арзандады, деп жазады Bloomberg.
Чикагодағы бидай фьючерстері шамамен 0,45%-ға төмендеп, бір бушель үшін 6,13 долларды құрады. Дүйсенбіде баға 1,9%-ға төмендеді.
Ресей әскерилері жексенбі күні таңертең Қара теңізде Измаил портына бара жатқан жүк кемесін тоқтату үшін ескерту оқ жаудырып, тікұшақты аспанға көтерді.
Өткен жұмада АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023-24 ауыл шаруашылығы жылына арналған Ресейден бидай экспорттау болжамын 48 млн тоннаға дейін көтерді. Осылайша, Ресей әлемдік нарыққа бидай жеткізудің төрттен бір бөлігін дерлік қамтамасыз етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу