Бидай экспорты: Қазақстан Ауғанстандағы позициясын сақтап қалуды көздеп отыр

790

Қазақстан 2021-2022 маркетингті жылы отандық бидайды өткізуде дәстүрлі нарықтардағы, оның ішіндегі Ауғанстандағы позициясын сақтап қалуды көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Бидай экспорты: Қазақстан Ауғанстандағы позициясын сақтап қалуды көздеп отыр

"Биыл қазақстандық бидайдың дәстүрлі нарықтарындағы позициясын сақтап қалу көзделіп отыр. Олар: Орталық Азия елдерінің ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан, сонымен қатар Ауғанстан мен Иран. Импортшылар тарапынан сұраныстың азаюуы күтілмейді", - делінген министрліктіің берген хабарламасында.

Бұдан бұрын Қазақстан бидай одағының өкілі Евгений Карабанов Ауғанстандағы ахуалға байланысты ол елге Қазақстан тарапынан бидай мен ұн экспорты азаятынын мәлім еткен еді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2021 маркетингті жылы бидай мен ұн экспортының көлемі 6,5-7 млн тонна құрайтыны туралы мәлімет таратқан. 3 қыркүйекке дейін отандық аграршылар 7,9 млн тонна деңгейінде бидай орып алған (жалпы егін даласының 49,4 пайызы). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу