Бидай мен меслиннің экспорттық бағасы бір айда 2,5%-ға азайды

475

Биылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экспортқа 370,1 млн долларға 1,3 млн тонна бидай мен меслин жіберді. 

Бидай мен меслиннің экспорттық бағасы бір айда 2,5%-ға азайды Фото: inbusiness.kz

Заттай көріністегі өсім 0,3% болса, ақшалай мәнде экспорт 0,1%-ға қысқарды, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өнімнің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді: 930,8 мың тонна. Оның ішінде ең үлкен көлемі Өзбекстан (624,7 мың тонна), Тәжікстан (125,8 мың тонна) және Түрікменстанға (103,8 мың тонна) экспортталды.

Әлемнің басқа елдеріне 338,4 мың тонна бидай жіберілді. Соның ішінде 159,3 мың тонна Ауғанстан жөнелтілген. Үштік қатарында Италия (104,7 мың тонна) және Түркия (25,7 мың тонна) бар.

Биылғы ақпан айының қорытындысына сәйкес, бидай мен меслинді экспорттық жеткізу бағасы бір айда 2,5%-ға төмендеді. Бұл ретте жылдық динамикада шамалы өсім байқалады (+0,7%).

Айлық динамикада ТМД елдеріне баға 4,1%-ға, басқа елдерге 0,2%-ға төмендеді.

Былтыр бидай егіс алқабы 12,9 млн гектарды құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 0,2%-ға көп.

Өңірлік бөліністе ең жоғары көрсеткіштер Ақмола облысында тіркелді: 4,1 млн га. Үздік үштікте Қостанай (3,5 млн га) және Солтүстік Қазақстан (2,4 млн га) облыстары да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу