Биенің сүтінен ірімшік жасау әдісін меңгерген кәсіпкер эксклюзивті өнімді Мәскеу дүкендерінде сата бастады. Азық-түлік эмбаргосы тәртібін енгізген елде қолдан ірімшік жасау дәстүрі қайта жаңғырған, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті мамандар қазақстандық өнімге аса қызыққанымен, оның әдісін меңгеру мүмкін болмай тұр. Әзірге қазақстандық кәсіпкердің жылқы сүтінен дайындаған ірімшігіне әлемде балама табылмады. Ресейде қолдан жасалған ірімшікке сұраныс артты. Мұндағы мамандар ірімшікті ерекше әдіспен дайындауды енді игере бастаса, қазақстандық кәсіпкерлер бұл салаға әбден бейімделген сияқты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу