"Биг Шанхай" базарындағы өрт: шығын көлемі нақтыланып жатыр

212

Астанадағы "Биг Шанхай" базарында болған өрттен шамамен 300 кәсіпкер зардап шекті. 

"Биг Шанхай" базарындағы өрт: шығын көлемі нақтыланып жатыр Фото: ҚР ТЖМ

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Өрттің нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу аяқталған соң кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы, 300-ден астам сатушы шығынға батты, – деді министр.

Оның айтуынша, өрттен келген шығын көлемі әзірге есептеліп жатыр. Егер кәсіпкерлер сақтандырылған болса, олар сақтандыру компанияларынан едәуір өтемақы алуға мүмкіндік алар еді.

Сондай-ақ, осы айда өрт қауіпсіздігіне қатысты заңға енгізілген түзетулер күшіне енеді. Жаңа талап бойынша аумағы 2000 шаршы метрден асатын, халық көп жиналатын нысандардың иелері үшінші тұлғалардың өмірі мен мүлкіне келтірілген залал үшін міндетті сақтандыру шартына отыруы тиіс.

Еске сала кетейік, 18 шілдеде елордадағы үш қабатты "Биг Шанхай" базарын өрт шалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу