Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 қаңтарда Астанада өтеді

876

Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 қаңтарда Астанада өтеді

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы, Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 қаңтарда Астанада өтеді делінген сот қаулысында.

Қаулыға сәйкес, Бигелді Ғабдуллин ҚР ҚК 194 бабы 4 бөлігі 2 тармағы бойынша сотқа тартылды. Қылмыстық іс Астана қаласы қылмыстық істері бойынша мамандандырылған аудандық сотының өндірісіне қабылданды. 

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 15 қарашада Бигелді Ғабдуллиннің ұсталғанын хабарлаған болатын, кейіннен оның қамауға алынғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу