Риддер қаласының құтқарушыларына 2012 жылы туған қыздың анасы қоңырау шалып, көмек сұрады. Белгілі болғандай, оның қызы көшеде ойнап, биік ағашқа шығып, сосын түсе алмай қалған. Қыз бала қатты қорқып, жылап отырды. 14-ӨСБ құтқарушылары оқиға орнына келіп, үш иінді баспалдақты орнатып, шамамен 8 метр биіктікке көтеріліп, баланы аман-есен жерге түсірді.
ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Балалармен қауіпсіз іс әрекет ережелері бойынша түсіндірме әңгімелер өткізіңіз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз, делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу