Ақтау қаласында билбордтардағы ҚР Президенті Тоқаевтың суреттері басқа суреттерге ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездескен болатын.
"Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Менің ойымша, бұл –мүлде орынсыз, мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?", – деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.
"Билбордтарды Елбасы бас болып қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Мен барлық деңгейдегі әкімдерге осыны тапсырамын", – деп қатаң тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгін Ақтауда билбордтардағы ҚР Президентінің бейнелері басқа суреттерге ауыстырылды.