Билет құнын арзандатуға субсидия бөлінді

744

Билет құнын арзандатуға субсидия бөлінді

Саяхатшылар осы жазда Алматы облысындағы суы тәнге шипа, жанға дауа болған Алакөлге ұшақпен қатынай бастайды.

Қазір Алакөл ауданының орталығы Үшаралда салынып жатқан жаңа әуежай құрылысының жарты жұмысы аяқталды. Бұл нысан биылғы шомылу маусымында халыққа қызмет көрсетеді.

Алдағы уақытта Ақши ауылында теміржол вокзалы пайдалануға беріледі. Айдыны жарқыраған Алакөлдің жағасындағы Үшарал әуежайының құрылысы қызу жүріп жатыр. Ол бір мезетте 50 адамға қызмет көрсетеді. Оның құрылысына қазынадан 889 млн теңге бөлінген. Қазір сол қаржының тең жартысы игерілді. Бұл нысан пайдалануға берілген соң үш бағыт бойынша әуе рейстері ашылады. Биылғы шомылу маусымында Астана, Алматы қалалары мен облыс орталығы Талдықорғаннан Үшаралға ұшақ қатынай бастайды. "Билет құнын арзандату үшін субсидия бөлінген. Бағасы 20-25 мың теңгеден аспайды", - дейді жергілікті билік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу