Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматыға қосымша рейстер шығарды

950

"Зардап шеккен жолаушылардың жақын туыстары тегін тасымалданады", – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев

Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматыға қосымша рейстер шығарды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әдетте, Жаңа жыл қарсаңында және демалыс күндері ұшақ билеттері жай күндерге қарағанда жоғары болады. Сондықтан делдалдар немесе қандай да бір компаниялар арқылы артық төлемге жол бермеу үшін жолаушыларға билетті тек әуе компанияларының ресми сайтынан және аккредиттелген сату нүктелерінен алуға кеңес береміз. Бізде Air Astana, Qazaq Air әуе компаниялармен алдын ала уағдаластық бар",– деді вице-министр.

Берік Камалиевтің атап өтуінше, "Бек Эйр" компаниясының 31 желтоқсанға дейін орындалмайтын рейстеріне билет сатып алған жолаушылар аталған әуе компанияларының қызметін жоспарланған бағдарларға бос орын болған жағдайда бұрын сатып алған билеттерінің құнымен ала алады.

"Билеттерді Air Astana мен Qazaq Air әуе компанияларының кассаларынан ғана сатып алу керек. SCAT компаниясына қатысты айтар болсақ, "Бек Эйр" мен SCAT компанияларының арасында ішкі өзара есеп айырысу бар. Сондықтан SCAT ауыстыру арқылы өз ұшақтарынан жолаушыларға орын беруге дайын. Air Astana "Нұр-Сұлтан – Алматы" бағытында қосымша рейстер қосты. Бұл жайында аталған компанияның өкілі айтып беретін болады. Зардап шеккен жолаушылардың жақын туыстары тегін тасымалданады", – деді Берік Камалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу