"Билік басып тастайды". Қазақстан бейбітшіл елдер рейтингінде құлдилады

615

Бейбітшіл елдер рейтингінде Қазақстан былтырғы позициясынан 29 орын төмен сырғыды. 163 елдің 97-сі болып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Билік басып тастайды". Қазақстан бейбітшіл елдер рейтингінде құлдилады

Рейтинг сарапшылары көп жылдар бойы Қазақстан Орталық Азиядағы ең бейбіт ел болып саналғанын айтады. Алайда кейінгі жылдар әлетінде наразылықтар саны және оның ауырлығы күрт өсті. Үкімет жиын өткізу жеңілдетілді деп жиі қайталаса да, билік наразылық акцияларына рұқсат беруден бас тартады, бола қалған жағдайда, басып тастайды.

ТМД елдері ішінде рейтингте Қазақстаннан жоғары Молдова, Армения, Өзбекстан және Қырғызстан, төмен – Түрікменстан, Беларусь, Әзірбайжан, Украина (белгілі себептерге байланысты Украинаның статусы даулы) және Ресей тұр.

Исландия, Жаңа Зеландия және Ирландия ең бейбіт елдер деп танылды, ең нашар көрсеткіш Ауғанстанда.

Еске сала кетейік, индекс ішкі факторлар (елдегі зорлық-зомбылық деңгейі, қылмыс) мен сыртқы факторларды (елдің халықаралық қатынастары, әскери қажеттіліктерге арналған шығыстары) және басқа да параметрлерді ескереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу