Билік Bek Air билеттерін әзірге сатып алмауға кеңес береді

1194

27 желтоқсанда Bek Air компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағы Алматыда апатқа ұшыраған еді. 

Билік Bek Air билеттерін әзірге сатып алмауға кеңес береді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтарға Bek Air билеттерін әзірге сатып алмауға кеңес береді.

"Бек Эйр" әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі",– делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Bek Air компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағы Алматыда апатқа ұшыраған еді. 12 адам мерт болып, 67 адам зардап шекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу