Билік өкілінің заңды талаптарына көнбегендер жазаланады

872

Карантиннің қатаңдатылған талаптарын бұзғандарға 26500 теңге айыппұл салынады. 

Билік өкілінің заңды талаптарына көнбегендер жазаланады Фото: Максим Морозов

Билік өкілінің заңды талаптарына көнбегендер жазаланады. Оларға 26500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 27 наурызда өткен брифингте мәлімдеді.

"Күшейтілген карантин талаптары бойынша үй жануарларымен тек үй маңында ғана серуендеуге рұқсат етіледі. Бұл талапты бұзғандарға, яғни, азық-түлік пен дәрі-дәрмек алудан басқа себептермен көшеде жүргендер жазалануы мүмкін. Атап айтсақ 26500 теңге немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады", – деді Дәурен Абаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу