Билік транзиті туралы сөз қозғауға әлі ерте – Президент

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, биыл Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болмақ. 

Билік транзиті туралы сөз қозғауға әлі ерте – Президент Фото: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаға қатысты референдумның өтетінін де алдын ала айтқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Президент "Turkistan" газетіне берген сұхбатында билік транзиті туралы сөз қозғауға әлі ерте екенін, алда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл барын айтты.

Сондай-ақ, биыл саяси тұрғыдан алғанда қандай жыл болатынына тоқталды. 

– Қазірдің өзінде нақты айта аламын: биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Мен конституциялық реформаға қатысты референдум өтетінін алдын ала айттым. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмын. Жоспарланған өзгерістер өте көп, бәрі тұтаса келгенде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу