"Қазір жалғыз адамдық пикет үшін ешкім жазаланып жатқан жоқ. Наразылық шаралары осында өткен, бірақ полицейлер арнайы құралдарды қолданбады. Мен осындай тапсырма бердім", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі жариялады.
"Арандатушылар қамауға алынды. Митингке шыққандардан полицейлер зардап шекті. Онға жуық полиция қызметкері түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген болатын. Біздегі митингтерді Еуропадағылармен салыстырып көріңіз. Онда арнайы құралдар қолданылады. Бұл жасырын нәрсе емес, телеарналардан көрсетіліп жатыр", - деді Тоқаев.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу