Билікте ауыс-түйіс басталды

1886

Президент әкімшілігінің басшысы ауысты.

Билікте ауыс-түйіс басталды

Бұл қызметті шілде айынан бері атқарып келген Қырымбек Көшербаев  орнын Ерлан Қошановқа босатып берді. 57 жастағы Ерлан Жақанұлы 2017 жылдан бастан бастап, Қарағанды облысының әкімі лауазымын атқарып келген. Қырымбек Көшербаев, әрине, жұмыссыз қалған жоқ. Ол бірден мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. 

Ал бұл лауазымды соңғы 2 жылдан бері Марат Тәжин атқарған еді. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Оның қайта кеткені әзірге белгісіз. Сондай-ақ, Қарағанды облысының жаңа әкімі де әлі тағайындалған жоқ. Бұған қоса, Бейбіт Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды.

Ал бұл ведомствоны басқарған Роман Скляр Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқармақ. Бұдан өзге, енді Сыртқы істер министрлігін Мұхтар Тілеуберді басқарады. Биліктегі ауыс-түйіске қатысты саясаттанушы Расул Жұмалы өз ойын ортаға салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу