Бразилияның Жоғарғы соты елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонаруды мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танып, оны 27 жыл 3 ай түрме жазасына кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бразилиялық G1 порталының жазуынша, бес судьяның үшеуі 70 жастағы Болсонаруды бірқатар қылмыс бойынша кінәлі деп таныған. Атап айтқанда, қарулы қылмыстық ұйымға қатысу, демократиялық билікті күшпен құлатуға әрекеттену, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру, мемлекеттік мүлікке және мәдени құндылықтарға зиян келтіру. Тағы бір судья экс-президентті қолдаса, енді бірі дауыс беруден бас тартқан.
Белгілі болғандай, 2023 жылғы 8 қаңтарда Жаир Болсонаруды қолдайтындар ел астанасы Бразилиадағы Конгресс, Жоғарғы сот және Президент сарайына шабуыл жасаған. Бұл оқиға Лула да Силва президенттік қызметке кіріскеннен кейін болған. Болсонару билікті басып алу жоспарын әзірлеуге қатысты деп айыпталды.
Бразилия тарихында экс-президент мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны үшін алғаш рет кінәлі деп танылды.
Қазір Болсонару үйқамақта отыр.
Жаир Болсонару 2019 жылдан 2023 жылға дейін Бразилия президенті болды. Кейін билікке Лула да Силва келді.