Білікті дәрігер өзінің атын жамылып дәрі жарнамалағандарды сотқа бермек

1594

Білікті дәрігер өзінің атын жамылып дәрі жарнамалағандарды сотқа бермек

Оңтүстіктегі білікті дәрігердің атын жамылған компания жалған жарнама жасап, халықты алдап келген. Жоғары дәрежелі хирург Мәди Бигалиев өзінің атын жарнамаланған медициналық препаратқа қатысты мәліметті растамады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Айтуынша, "Газета.кз" сайты оның атын жамылып, буын ауруын емдейтін препаратқа жарнама жасапты. Тіпті сайттағы материалда бұл препаратты науқастарға қолданғанын айтыпты.
Мәди Бегалиевтің өзі медицина саласында жұмыс істеген 35 жылдың ішінде буын ауруын емдемегенін алға тартады. Сондықтан, жалған ақпарат таратып, халықты алдап келген компанияны сотқа беруге бел байлап отыр.
"Мен ешқашан ортопед болған емеспін. Медицина саласына келгелі бері ота жасап келемін. Ревматологиялық ауруларды емдемегенмін. Мен ешкімге жарнама жөнінде сұхбат бермегенмін. Сондықтан, айтарым — менің атымнан жарияланған жарнамаға сенбеңіздер. Ал жалған жарнама жасаған компанияны сотқа беремін", - дейді  Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Мәди Бигалиев. 
Бас дәрігердің айтуынша, оның атын жамылып, жалған жарнама жасау бұған дейін де орын алған. Енді елді арбағандардың ісін әшкере қылмақ ниетте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу