"Билікті күшпен басып алмақ болған": Қырғызстанда экс-президенттің ұлы ұсталды

269

Ол тергеу изоляторында отыр. 

"Билікті күшпен басып алмақ болған": Қырғызстанда экс-президенттің ұлы ұсталды Фото: Pixabay.com

Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Первомай аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандардың бәрі 2026 жылғы 17 қаңтарына дейін тергеу изоляторында отырады. Құқық қорғау органдары барлығы 10 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Олардың қатарында "Социал-демократтар" партиясының жетекшісі, саяси қайраткер Темірлан Сұлтанбеков, экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы Кадырбек Атамбаев, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Шайлообек Атазов, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік күзет басшысы Дамир Мусакеев бар.

Ұсталғандардың іс материалдарында қылмыс түрлері бойынша екі бап көрсетілген. Атап айтқанда, жеті адамға қатысты "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру" және үш адам бойынша "Билікті күшпен басып алу" баптары.

22 қараша күні Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруды жоспарлаған деструктивті топты әшкерелегенін хабарлаған. 

Кадырбек Атамбаев – Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған Алмазбек Атамбаевтың кенже ұлы. Ол 1993 жылы туған. "Социал-демократтар" партиясының мүшесі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу