Біліктілікті арттырғанын растайтын сертификатқа "тапсырыс" қабылдаған алаяқ ұсталды

888

Полиция қызметкерлері біліктілікті арттырғанын растайтын сертификат жасап беремін деп алдаған Тараз қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады.

Біліктілікті арттырғанын растайтын сертификатқа "тапсырыс" қабылдаған алаяқ ұсталды

Алаяқтың арбауына түскендер сертификат алу үшін оған 80 мыңнан 160 000 теңгеге дейінгі түрлі көлемде ақша жіберген.

Сертификат "саудагерінің" сөзіне алданып қалғандар жалғыз Жамбыл облысының тұрғындары емес. Жамбылдық полицейлерге Қазақстанның әр өңірінен 10 азаматшаның шағымы түскен.

Олар біліктілікті арттыру сертификаттарын дайындап беремін деген әйелмен әлеуметтік желілер арқылы танысқан. Алайда келіскен сомада жіберген ақшаларын алған соң ол телефонын сөндіріп із-түссіз жоғалып кеткен. "Сертификаттар" үшін әр кезде әртүрлі баға ұсынған. Жәбірленушілердің айтуынша, 80 000-нан 160 000 теңгеге дейінгі түрлі көлемде ақша сұраған.

Аталған деректерге қатысты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Полиция қызметкерлері күдікті өз кінәсін толық мойындағанын айтты. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу