Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сервистік орталығында өткен брифинг барысында "Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру мәселесі жөнінде сөз қозғады.
"Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесі қызметінің негізгі мақсаты баларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы жоба аясында құрылған ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып әдістеме дайындадық. Білім беру мекемелерінде антикоррупциялық мәдениетті қалыптастырудың бұл әдістемесі балабақшада тәрбиеленуші балалардан бастап жоғары оқу орындары студенттеріне де арналған. Басты мақсатымыз – осы ғылыми жұмыста көрсетілген ұсынымдарды жаңа оқу жылында қолданысқа енгізу. Екінші міндетіміз, Алматы қаласының барлық білім беру мекемерімен бірлесе отырып антикоррупциялық стандарттарды белгілеу. Биыл 4 мамыр күні еліміздің жоғары оқу орындары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қабылдадық. Келесі қадам – мектептер үшін осындай құжат әзірлеу. Үлгі дайын. Менің ойымша, құжат қыркүйектің 20-25 күні қабылдануы мүмкін", – деді білім саласындағы әділдік пен адалдықтың жоба жетекшісі Қайыржан Тоқышев.
Нұржан Көшкін