Білім басқармасы оқу жылының бірінші тоқсанын қорытындылады

849

1-сынып оқушыларының біліміне баға қойылған жоқ.

Білім басқармасы оқу жылының бірінші тоқсанын қорытындылады Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова "Оқу жылының І тоқсанының қорытындылары" тақырыбында өткен онлайн брифингте елорда мектептерінде оқу жылының алғашқы тоқсаны сәтті аяқталғанын мәлім етті. 

Қала мектептері қашықтан білім беру платформаларын пайдаланғаны белгілі. Сонымен қатар 1-4 сыныпқа дейін барлығы 3011 кезекші сынып ашылып, онда 40 мыңнан астам оқушы білім алған. Білім алу үдерісі кезінде оқуға кедергі келтірген мәселелер де кездескен.

"Мектептерде барлық пән бойынша оқу материалдары жоспарға сай орындалды. Дегенмен алғашқы тоқсанда кездескен мәселе – қашықтан сабақ өткізу кезінде бір сыныптағы мұғалімнің әртүрлі платформаларда жұмыс істеуі болды. Бұл оқушылардың сабаққа қосылуы кезінде қиындықтар туындатты. Осыған байланысты мұғалімдерге платформаларды пайдаланудың тиімділігі туралы қосымша семинар өткіздік. Бұл мәселе уақытылы шешіліп, әр сынып тек бір платформада жұмыс істейтін болды", – деп айтты Шолпан Қадырова.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, бірінші сынып оқушыларының біліміне баға қойылған жоқ. Ал 2-11 сынып оқушыларының оқудағы жетістігі 1-10 балл арасында формативті түрде бағаланған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу