Білім басқармасы партаға қатысты дауға түсініктеме берді

1181

Бір партаның құны 7000-14000, ал орындық 5000-9000 теңге аралығында сатылып алынуы тиіс.  

Білім басқармасы партаға қатысты дауға түсініктеме берді

Бұған дейін сайтымызда "Елорда мектептері 20 мың теңгенің партасын 53 мыңға алмақ болған" деген мақала жарияланған болатын. Осы мақалада жазылған деректерге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы жауап берді.

"Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелері (мектептер) жеке заңды тұлға ретінде мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу бойынша өз беттерінше (сатып алудың тәсілін, бағасын, көлемін анықтайды) шешім қабылдап жұмыс атқарады. "Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы" ММ білім беру мекемелерін (мектептерді) бюджеттік әкімшілігі ретінде әр мектепті жан басына қаржыландырады (БҒМ 27.11.2017 ж. №597,597 бұйрықтары), ал бюджеттік қаржыландыруды әр мектеп жеке заңды тұлға ретінде игереді, осы себептен әр мектеп тапсырыс беруші ретінде мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істейді", – делінген хабарламада

Сондай-ақ білім басқармасы парта мен орындық және А4 форматты қағаздың қаншаға сатып алуға болатынын мәлімдеген.

"Ағымдағы жылы білім беру мекемелері (мектептер) парта және парта/орындық жиынтықтарын біліктілік алдын ала таңдау конкурс (конкурс с предварительным квалификационным отбором) және бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілдері арқылық өткізген Білім басқармасының жүргізген талдауы бойынша жасалған шарттардағы партаның сомасы 7000-14000 тг., парта/орындық жиынтықтарының сомасы – 10000-23000 тг., орындықтардың сомасы – 5000-9000 тг. аралығын құрайды.

Ал, Білім басқармасының ағымдағы жылы алған кеңсе қондырғысына қажетті А4 форматты қағаздың бір бумасын ұсыныстарға сұраным тәсілі арқылы 1284,64 тг. алды, жоспарда 1672 тг. болған".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу