Білім беру бағдарламаларының сапасын тәжірибелі мамандар бағалады – "Атамекен" ҰКП

407

Биыл Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары рейтингісі 19 критерий бойынша өткізілді.  

Білім беру бағдарламаларының сапасын тәжірибелі мамандар бағалады – "Атамекен" ҰКП Фото: ortcom.kz

Рейтинг әдістемесі бойынша "түлектердің мансаптық болашағы" блогы 52%, "білім беру бағдарламасының сапасы" блогы 41%, ал "білім алушылардың жетістіктері" блогы 7% үлес салмақты құрайды. ОКҚ алаңында өткен брифингте "Атамекен" ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов осындай көрсеткіштерді жария етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Негізгі критерийлер арасында жұмысқа орналасу деңгейі, түлектердің медиандық жалақысы, білім беру бағдарламаларының аккредиттелуі, оқытушылардың сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі сияқты критерийлерді атауға болады. Түлектердің мансаптық болашағы блогындағы критерийлер бойынша деректер ЖОО-лар беретін анықтамаларға емес, зейнетақы аударымдары бойынша еңбек ресурстарын дамыту орталығынан алынатын ақпаратқа сүйеніп талданады. Дегенмен ол деректердің барлығы таза және рейтинг аясында көрсеткіштер бойынша объективті бағалау жүргізуге мүмкіндік береді", – деді ҰКП өкілі.

Оның айтуынша, білім беру бағдарламаларының сапасын әр саланы жетік меңгерген, тәжірибелі мамандар бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу