Білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді

458

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.

Білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді Фото: Liter.kz

Ақмола облысы Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.

Аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен.

Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн. теңге аударылды.

Екінші жағдайда Степногорск қаласының мектептерінің бірінде анықталды, тергеудің нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 млн. теңге жалақы ретінде аударған.

Осы фактілер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркеліп, Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорларымен және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергелуде.

Осы бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу