Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту – Тоқаев

735

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. 

Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту – Тоқаев

"Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың тұрмысына тікелей әсер етеді. Мен ұрпақтың сапалы білім алуына баса мән беріп отырмын. Менің бастамаммен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Оны бүкіл еліміз бойынша жүзеге асырып жатырмыз. Алдағы 3 жылда осы өңірдің өзінде 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатын болады. Келесі жылы құрылыс басталады. Сондықтан, жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесі қазірден бастап шешімін табуға тиіс", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы "Медициналық білім беру жүйесіне тоқталды. Қарағанды медицина университеті білікті мамандар даярлайтынын алға тартты. Құзырлы министрлік университеттер жанынан 5 аурухана салу туралы жоба ұсынды. Соның бірі Қарағандыда салынады.

"Университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Клиника осы өңірде медицина ғылымын дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге тың серпін береді ден сенемін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу