2018 жылдың І тоқсанында Қазақстандағы білім беру мекемелерінің кірісі 441,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Baq.kz.
Аталған көрсеткіш бір жыл ішінде 8,8% өсіп отыр. Кірістің 81,3%-ін бюджеттен, 16,3%-ін – халықтан, 2,4%-ін кәсіпорындардан көріп отыр.
Үлестің көп бөлігі негізгі және жалпы орта білім саласына тиесілі. Олардың көлемі 180,1 млрд теңгені немесе 40,8%-ті құрады.
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдары І тоқсанда 71,9 млрд теңге (16,3%), ЖОО-лар - 68,9 млрд теңге (15,6%), техникумдар мен колледждер 43,2 млрд теңге (9,8%) көлемінде табыс көрді.
Жалпы қазақстандық ЖОО-лар мен мектептердің кірісі 441 млрд теңгені құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу