Білім беру несиелерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы енгізілді

1144

Білім беру несиелерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы енгізілді

Білім министрі Ерлан Сағадиев сенбі күні Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінде таңертеңнен кешке дейін абитуриенттердің ата-аналарын, олардың туыстарын білім беру гранттарының бөлінуіне білдірген наразылықтарына қатысты қабылдады, деп хабарлайды fincenter.kz.

Қабылдауға келгендер олардың балаларының ҰБТ-дан жүзден аса балл жинағанына қарамастан грант ала алмағанын баяндады. Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері конкурсқа қатысушылардың барлығының бірдей үмітін ақтамағаны айқын, себебі гранттардың саны шектеулі болды, мектеп бітірушілердің тек 30% ғана білім беру грантын алды. Бұл студенттердің көбісінің ақылы негізде білім алатынын білдіреді.

Студенттер мен абитуриенттерге оқуға ақы төлеуге қолдау көрсету мақсатында Білім беру несиелерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы енгізілді, оның шеңберінде абитуриенттің өзінің атына студенттік кредит ресімдеуге болады.

Грант нәтижелеріне тәуелді болғысы келмегендер үшін білім беру депозитінде алдағы оқуына қаражат жинақтау мүмкіндігі беріледі, бұл ретте жыл сайын мемлекеттен қосымша ақша алады.

Анағұрлым толығырақ ақпарат алу үшін не студенттік несие ресімдеу кезінде проблемалар туындаған кезде Қазақстан бойынша 8 800 080 28 28 тегін қаурыт желісіне хабарласыңыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу